+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Ираклий Гарибашвили екінші рет  Грузияның премьер-министрі болды

2021 жылғы 23 ақпан 02:08
Бөлісіңіз:
Ираклий Гарибашвили екінші рет  Грузияның премьер-министрі болды

ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Ираклий Гарибашвили Грузияның премьер-министрі лауазымына тағайындалды. Бүгін парламент отырысында оны қолдап 89 депутат дауыс берді, екі депутат қарсы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Грузия жаңалықтарына» сілтеме жасап.

Ираклий Гарибашвили 38 жаста, ол бұған дейін Қорғаныс министрі болған. Грузия тарихында алғаш рет премьер-министр лауазымына бір адам екі рет келді.

Жаңа премьерді билік партиясы Георгий Гахария отставкаға кеткен соң ұсынуға мәжбүр болды. Ол 18 ақпанда арнайы брифингіде отставкаға кететінін мәлім еткен еді.

Еске сала кетсек, «Грузия арманы» партиясы 2012 жылы парламент сайлауында жеңіске жеткен соң, елде бес мәрте үкімет кабинеті ауысты. Бесінші премьер Георгий Гахария 2019 жылы қыркүйекте тағайындалған еді.

Жаңа министрлер кабинетінде екі ведомство басшысы ғана өзгерді.

Қорғаныс министрі болып Жуаншер Бурчуладзе, отставкаға кеткен вице-спикер, инфрақұрылым және өңірлік даму министрі Майя Цкитишвилидің орнына Ираклий Карселадзе келді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT