Ирак армиясы елдің батысында лаңкестікке қарсы кең ауқымды операция өткізуде

None
None
ӘБУ-ДАБИ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Ирак армиясы Анбар провинциясы (Ирактың батысында) қауымдастығының мүшелерімен бірлесіп, кеше Фаллуджа және Рамада қалаларының кейбір аудандарын басып алған «Әл-Каидамен» байланысты лаңкестік топтарға қарсы ірі операция жүргізуде.

Араб БАҚ-тарынан түскен мәліметтерге қарағанда, ирак полициясы мен исламистердің қақтығысы кезінде жүзден астам адам қазаға ұшыраған. Иран ІІМ-дегі дереккөз үкіметтік әскерлер Рамада қаласында ілгері жылжығанын және Фаллуджа қаласында жергілікті тайпалардың қолдауымен содырлар бекіністерін ауыр қарулардан атқылауды жалғастыруда екенін хабарлады. Өз кезегінде, Фаллуджа қаласына бекінген содырлар жергілікті тұрғындарды ынтымақтастыққа және қолдауға шақырды.

Бұдан бұрын, қаза болған содырлар арасында Әл-Каиданың «сұр кардиналы» және оның «Ирак және Леванта ислам мемлекеті» тармағының көшбасшысы Абдул Рахман әл-Бағдади бар екені хабарланған болатын.

Осы жылғы 2 қаңтарда «Ирак және Леванта ислам мемлекетінің» содырлары Фаллуджа және Рамада қалаларындағы он полицей учаскесін басып алып, тұтқындалған адамдардың бірқатарын шығарып жіберді. Жиһадшылар үкіметтік машиналарды өртеп, өз блок-бекеттерін қойып жатқан әрекеттері туралы бейнероликтерді Интернетте жариялады.

Ирактағы шиеленістің ушығуы ірі ислам қауымдары - сүнниттер мен шиіттердің бір-біріне қарсы тұруымен байланысты. Саддам Хусейннің билігі кезінде сүнниттер Ирактың мемлекеттік құрылымдарында басты орындарда болды, алайда АҚШ-тың қарулы басып-кіруі мен С.Хусейн режимі құлатылуынан кейін билікке шиіттер келді. Қазіргі кезде Ирак үкіметін шиіт қауымына жататын премьер-министр Нури әл-Малики басқарады. Сонымен бірге, Ирактағы шиеленіске көршілес Сириядағы ауқымды конфессияаралық жанжал тікелей ықпал етуде.

Соңғы жаңалықтар