Ипотеканы субсидиялау жобасы неге қолдау таппады – «Бәйтерек» басшысының жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «7-20-25» бағадарламасының орнына енгізіледі делінген ипотеканы субсидиялау жобасы неге аяқсыз қалғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Қаржы министрлігінің әрекетіне пікір білдіре алмаймын. Оны министрдің өзіне қоя аласыздар. Өйткені бұл шешімдерінің қисыны қандай ла бір себептермен байланысты шығар», - деді Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ, ол қазіргі коммерциялық ипеотакаларды субсидиялау қажеттігі неден туындап тұрғанын түсіндірді.

«Мұндай ұзақ мерізмдегі жоспарлар түрлі мәселелердің үйлесімімен жасалады. Біріншіден, біз неге ипотеканы дамыту керек деп есептейміз? Өйткені ипотека тек қазіргі нарықтағы мөлшерлеме бойынша ғана берілсе, Қазақстан халқына баспаналы болу шынымен алынбас асуға айналады. Бұл шынымен қиын. Сондықтан біз ипотеканы субсидиялауды ұсынғанбыз. Сонда пайыздық мөлшерлемелер қалыпқа келеді деп есептейміз. Бұл шешім мен ұсыныс қазіргі пайыздық мөлшерлемелерге байланысты туындаған», - деді холдинг басшысы.


Соңғы жаңалықтар