«Ипотекамен көмектесемін»: Нұр-Сұлтан тұрғыны 2,2 млн теңгесінен айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада полицейлер қала тұрғынын ипотека рәсімдеу бойынша алдаған алаяқты құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицияға ипотека рәсімдеу мәселесінде алданған елорда тұрғыны жүгінді. Белгілі болғандай, оның танысы ипотека рәсімдеуге көмек көрсете алатынын айтқан. Биыл сәуір айында күдікті өзінің қызметі үшін 2 млн 200 мың теңге алып, осы уақытқа дейін уәдесін орындамаған. Алданып қалған әйелдің айтуынша, танысы екінші деңгейлі банктерде бұл мәселені шеше алатын адамдары бар екенін айтып сендірген», - делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.

Ұзақ күткен ипотекасынан нәтиже болмағасын, әйел күдіктіге қатысты полицияға арыз түсірген.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті құрықталып, «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар