Ипотекалық несиелендіру шарасы қазан айының 1-іне дейін ұзартылды

None
None
АСТАНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мәжілісінде ипотекалық несиелендірудің мерзімі биылғы жылдың қазан айының 1-іне дейін ұзартылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қазіргі уақытта банктер ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін бөлінген 120 миллиард теңгені игеру үстінде. Алты банк 3 айдың ішінде 3 миллиард теңгені игерді. «БТА банкі» «БТА ипотекамен» бірге 40 миллиард теңге, «Казкоммерцбанк» 24 миллиард теңге, Альянс банк 14 миллиард теңгені игерген.

 Естеріңізге сала кетейік, 15 мың адамның банктен алған несиелерін қайта қаржыландыратын болғандықтан өте мол көлемде қаржы алған 4 банктің ипотекалық несиені қайта қаржыландыру мерзімі шілденің 1-не дейін ұзартылған болатын. 2009 жылдың маусым айының 19-ындағы ақпараттар бойынша банктерге құны 146,9 миллиард теңгені құрайтын 38 мың 579 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 24 мың 116 несие алушының 93,7 миллиард теңгені құрайтын несиесі мақұлданған. Ал 20 мың 894 несие алушымен арада 81,3 миллиард теңге несиелері қайта түзетілген. Қорыта айтқанда, азаматтар несиелерін қайта қаржыландыру кезінде көптеген проблемаларға тап болған. Осыған байланысты олардың қарыздарын өздері алған банкте қайта қаржыландыру қажеттігі туындаған. Сондықтан да «БанкЦентрКредит», «АТФ банк», «Темірбанк», «Каспий банк», «Цесна банк», «Еуразиялық банкте», тиісті ресурстарды бөліп беру туралы шешім қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар