Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға қанша ақша кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк теңгемен берілген ипотекаларды қайта қаржыландыру бойынша есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кеткен жөн, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін ипотека алған азаматтарға қолдау көрсетуді көздейді. Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық Банк 130 млрд теңге бөлді.

«2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бағдарлама шеңберінде банктер 152,4 млрд теңге сомаға 24 421 қарызды мақұлдап, 126,2 млрд теңгеге 22 009 қарызды қайта қаржыландырды. Басқа қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі 20,931 млрд теңге мөлшеріндегі қаражаттың игерілмеген қалдығын банктер арасында бөліп берді», - делінген Ұлттық банктің ресми хабарламасында.

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өңірлер мен банктер бойынша мақұлданған және қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратты «Банктермен ақшаны игеру туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме - nationalbank.kz бойынша танысуға болады. 

Соңғы жаңалықтар