IPO аясындағы мәмілені «Қазатомөнеркәсіп» қарашада аяқтамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ІРО аясында тиісті мәмілені «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ биылғы қарашаның орта кезіне дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталған ұлттық компанияның басшысы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Компанияны «Астана» халықаралық қор биржасы мен Лондон қор биржасына шығара отырып, біз үшін «Қазатомөнеркәсіпті» өзінің трансформациясының келесі кезеңіне бағыттау өте жауапты іс болып отыр», - деп тоқталды Ғ. Пірматов.

Оның атап өтуінше, әзірге акциялардың құнына қатысты айту ертерек. Баға деңгейі алдағы уақытта жарияланатын болады.

«Оның көлемі сұранысқа байланысты болмақ. Бағалы қағаздар заңнамасына сәйкес, біз акцияның 20 пайызын Қазақстан нарығына ұсынуға міндеттіміз. Енді, Қазақстанда қанша көлемі орналастырылатыны сұранысқа байланысты болады», - деді ұлттық компания басшысы.

Атап айтқанда, қазіргі кезде Қоғамның шығарылған акцияларының барлығы «Самұрық-Қазынаға» тиесілі. ІРО аясында «Самұрық-Қазына» қоры «Қазатомөнеркәсіптің» шығарылған акцияларының жалпы санының 25 пайызына дейін құрайтын бағалы қағаздарын ұсынуға ниетті.

Белгілі болғандай, менеджмент қатысуымен өтетін Роудшоуды бастау шамамен 2018 жылғы 31 қазанда немесе соған жақын күндерге жоспарланған. Ал қарашаның орта кезінде акцияларды орналастыру бойынша келісімдерді аяқтау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар