IOSCO қамқорлығымен «Инвесторлар күні» өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Құндық қағаздар жөніндегі комиссия халықаралық ұйымы (IOSCO) «Астана» халықаралық қаржы орталығы  Қаржылық қызметтерді реттеу комитетімен бірге «Инвесторлар күні» шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген АХҚО Әкімшілігі басқармасының мүшесі, басқарушы директоры Ернұр Рысмағамбетов «Инвесторлар күні» Қазақстанда алғаш рет «Дүниежүзілік инвесторлар апталығы-2018» аясында өтіп отырғанын айтты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы осы жылдың 5 шілдесінде іске қосылған болатын. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылда біз АХҚО аясында жұмыс істеп тұрған барлық жобалардың институттық базасын, реттеуші базасын қалыптастыру үшін барлық негіздерді толықтай қалап, жемісті жұмыс істедік", - деді ол.

Сонымен қатар Ернұр Рысмағамбетов ағымдағы АХҚО-ның қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің құрылғанын және ол АХҚО жанындағы тәуелсіз орган саналатындығын, IOSCO-ның қауымдастырылған мүшесі екендігін еске салды.

«IOSCO-мен ынтымақтастық аясында біз Дүниежүзілік инвесторлар апталығын өткізудеміз. Шара осындан сәл ертерек, 1 қазанда басталған болатын. Осы уақыттың ішінде біз 7 қалада, 15 университет пен 5 жоғары мектепте болып, олардың студенттерімен кездестік. Саапарымыз барысында толықтай алғанда 2,5 мыңнан астам адаммен жүздестік. Бірқатар цифрларды әлі де жаңарту үстіндеміз. Себебі екі үлкен шарамыз Астана мен Алматы қаласында бүгін өтіп жатса, кейбір шараларымыз дүйсенбіден сәрсенбіге дейін өтетін болады», - деді ол.

Айта кетейік, іс-шара  инвесторлардың мүдделерін қорғау,  қазақстандық мамандардың  біліктілігін арттыру бойынша инвестициялық сауаттылықты  дамытуға бағытталған.  Жиынға Ұлыбритания, Франция, Австралия, Италия елдерінің сарапшылары Қазақстанның қаржы нарығына қатысты тақырыптар бойынша ақпараттық сессиялар, семинарлар өткізді.  Апталық аясында АХҚО-ның кәсіптік сертификаттар бағдарламасы таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар