Иорданияның Елшісі инвестициялар және халық алдындағы жауапкершілік туралы баяндады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иорданиялық әріптестердің бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Төтенше және Өкілетті Елші Юсуф Абдельғанимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әңгімелесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы соңғы заңнамалық бастамалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тізбесін кеңейту және Агенттікке жақын арада қажетті құзыреттер беру туралы әңгіме болды.

Шетелдік дипломат Антикор жүргізіп жатқан жұмыстың серпінділігін, сондай-ақ, оған деген Иорданиядағы парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия тарапынан жоғары қызығушылықты атап өтті. Екі ведомство арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында, Covid-19 пандемиясына байланысты шектеулер алып тасталған жағдайда, ағымдағы жылдың жазында иордан делегациясының Нұр-Сұлтан қаласына сапары ұйымдастырылады.

Юсуф Абдельғани мырза мемлекеттік қызметтегі жағымсыз қылықтардың теріс салдарын атап өтті: «Өз ұстанымын теріс пайдаланған көшбасшы бүкіл жүйені бұзады. Оның тек заң алдында ғана емес, бүкіл халық алдында жауапты екенін түсіну қажет».

Елші бизнесті қорғау тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығына ерекше назар аударды. Ол 7 сәуірде өтетін алдағы Business Integrity Forum аясында Иорданиядағы инвестицияларды қолдау және қорғау туралы баяндайды.

Кездесу соңында дипломатқа азаматтармен тікелей жұмыс істеу үшін ашылған Антикор-орталық таныстырылды. Онда баспасөз орталығы да орналасқан. Оның жұмысы аясында «Antikor.Live» жобасы іске асырылуда, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен қандай да бір түрде жанасатын мәселелерді түрлі салалардағы сарапшылардың түсіндіруі үшін алаң ретінде ашылған. Иорданиялық әріптестер сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардарлықты арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында осы тәжірибені қолданбақ.

Абдельғани мырза жобаның «Facebook» және «Youtube» әлеуметтік желілерінде өткен тікелей эфиріне қатысты. Шетелдік дипломатиялық корпус өкілінің қатысуымен сұхбат алғаш рет «Қазақпарат» ХАА сайтында көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар