Иорданияда парламент сайлауы аяқталды

None
None
АММАН. ҚазАқпарат – Иорданияда Ұлттық жиналыстың төменгі палатасына сайлау аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Jordan Times сайтына сілтеме жасап.

Сайлау науқаны барысында 1693 кандидат, оның ішінде 364 әйел 130 депутаттық мандат үшін күресті. Сайланған депутаттар келесі төрт жыл ішінде өз жақтастарының атынан шығады. Дауыс беру 07:00-де басталып, 19:00-де аяқталуы керек еді, алайда тәуелсіз сайлау комиссиясының (ТСК) шешімімен сайлау учаскелері 2 сағаттқа кеш жабылды, өйткені сайлау ұйымдастырушылары дауыс беру мерзімін 21:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Соған қарамастан, сайлауға шамамен 1,3 миллион адам қатысты, бұл дауыс беру құқығы бар 4,6 миллионға жуық сайлаушылардың шамамен 29,9% құрады.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында ТСК бас комиссары Халид Калалде мәлімдеді.

«Сайлау учаскелеріне қатысатын комитет дереу дауыстарды санауға кіріседі және санау аяқталғаннан кейін нәтижелерді жариялаймыз», – деді комиссия басшысы.

Калалде COVID-19-ға қатысты қоғамдық тәртіпті бұзу туралы хабарламалар келіп түспегенін, себебі «үкімет елдегі демократиялық процесті қамтамасыз ету мақсатында сайлау өткізу туралы шешім қабылдардан бұрын жағдайды мұқият зерттеді» деп мәлімдеді.

Шенеунік сондай-ақ отставкадағы судьялар мен қоғам қайраткерлері басқаратын үш мамандандырылған комитеттің құрылғанын атап өтті. Комитеттер Амманда, Ирбиде және Каракада орналасқан. Олар сайлаудың алдын ала нәтижелерін тексеру арқылы әділ және ашық сайлау процесін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.

«Біздің басты міндетіміз – сайлау процесін және сайлаудың сәттілігін қорғауды қамтамасыз ету болды және менің ойымша, біз бұған қол жеткіздік», – деді Калалде.

ХІХ шақырылымдағы парламент сайлауы шілде айындағы король жарлығынан кейін өтті.


Соңғы жаңалықтар