Иорданияда оқушылар отырған автобус суға батып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иорданияда оқушылар отырған автобус суға батып кетіп, он адам мерт болды, деп жазады «Анадолы» агенттігі.

Қайғылы жағдайдың болуына Өлі теңіз ауданындағы су тасқыны себеп болған.

Иорданияның азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметтеріне қарағанда, көлікте 44 адам болған, оның 37-сі мектеп оқушысы. Із-түзсіз кеткен 12 адам іздестірілуде. Іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар