Иорданияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

None
None
АММАН. ҚазАқпарат – Иордан Хашит Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі бүгін коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін растады. Иорданияда жаңа вирусқа қарсы қолға алынған шаралар туралы, «ҚазАқпарат» ХАА-нің Таяу Шығыстағы тілшісі хабарлайды.

Иорданияның Денсаулық сақтау министрі Саад Джабер баспасөз-мәслихаты барысында бүгін корольдікте жуырда Италияға барып келген азаматтың коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелгендігін хабарлады. Оның вирус жұқтырғаны айқын. Осыған қарай тағы бір адам қауіпсіздік мақсатында карантинге жатқызылды.

«Коронавирус жұқтырған пациенттің отбасының мүшелері індеттен аман. Алайда вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандардың барлығы 14 күнге карантинге жатқызылады. Иордания қазір қалыптасқан жағдайға толық дайын. Ал вирус жұқтырған адам карантинге жатқызылып, толықтай ошауландырылды. Онымен ешкім байланыса алмайды, пациенттің жағдайы қалыпты»,-деді С.Джабер.


Соңғы жаңалықтар