Иорданияда қажылыққа бара жатқан 14 адам жол апатынан қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иорданияның оңтүстігінде қажылыққа бара жатқан палестиналық 14 азамат жол апатынан көз жұмды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Құтқару қызметінің хабарлауынша, жол апатынан тағы 36 адам зардап шеккен.

Оқиға Сауд Арабиясымен шекара маңында, Амманнан оңтүстікке қарай 320 шақырым жерде болған. Оқиға анықтамасы бойынша, автобус жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай қалған.

Жолаушылар Меккеге кіші қажылық сапарына бара жатқан.

Соңғы жаңалықтар