Иорданияда бір тәулікте коронавирус жұқтырған 489 адамның 11-і қайтыс болды

None
None
АММАН. ҚазАқпарат – Сенбі, 11 қыркүйек күні Иорданияда коронавирус жұқтырған 489 адамның 11-і қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Корольдіктің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Дағдарыс басталғалы вирус жұқтырғандар саны 806 501 адамға жетті.

Өткен тәуліктерде медицина ұйымдарына 73 науқас келіп түсті, оның 39-ы жазылған соң ауруханадан шығарылды. Ауруханаларда қазіргі таңда барлығы 528 пациент жатыр. 20664 ПЦР-тесттің 2,37% оң нәтиже берді. Жұма күнгі нәтиеже 2,91% болған.

Жалпы алағанда COVID-19 жұқтырудың 12 151 белсенді жағдайы тіркелді. Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 10 452-ге жетті.

Иорданияның Денсаулық сақтау министрлігі сонымен қатар, шетеелде жұмыс істеп, сонда тұратын және қытайлық «Sinopharm» вакцинасын салдырған азаматтарға «Pfizer» вакцинасының үшінші дозасын салу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Жақында Министрлік елдегі коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар туралы мәліметтерді жариялады.

Ұлттық платформада COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырған 4 млн-нан астам адам тіркелген.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 3,5 млн адамға жетті. Ал вакцинаның екі компонентін салдырғандар саны 3 млн.

Арсен Өтешев


Соңғы жаңалықтар