Иордания тәуелсіздігінің 77 жылдығын тойлап жатыр

None
Фото: pxhere.com
АММАН.ҚазАқпарат – Бүгін иорданиялықтар Корольдік тәуелсіздігінің 77 жылдығын тойлап жатыр. Күні бойы мерекелік іс-шаралар мен сауық-сайран өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздік күні – Иорданияның ауқымды тойланатын мемлекеттік мерекелерінің бірі.
1918 жылға дейін Иордания Осман империясының құрамында болды. Ол құлағаннан кейін Ұлыбритания Ұлттар лигасының Палестинаны Иордан теңізінің екі жағалауында да басқару мандатын алды. Бұл аймақтың ¾ бөлігіне жуығын Трансиордания алып жатты, оның әмірі 1921 жылы Абдалла бин Хусейн әл Хашими болды. 1923 жылы Трансиорданияға кең автономия берілгенімен, сыртқы істер, қорғаныс, қаржы мәселелерін сол жылдары әлі де Ұлыбритания шешіп отырды.
1946 жылдың 25 мамырында Иордания парламенті – Заң шығарушы кеңесі Лондон келісімін ратификациялады. Бұл Британ протекторатының біткенін, жаңа тәуелсіз мемлекет болғанын білдірді. Ал қазіргі Иордан Хашимит Корольдігі атауын мемлекет кейінірек – 1949 жылдың сәуірінде алды.
«Сол сәтте Иордания институционализм, әртүрлілік пен төзімділікті негізге алған мемлекетке айналды», деп хабарлады Иорданиялық Petra агенттігі.
Дәстүр бойынша Амманда король отбасы, азаматтар мен әскери шенеуніктер қатысатын парад өткізіледі. Сондай-ақ мереке құрметіне 21 қарудан оқ атылады.
Иордания Королі Абдалла II бин әл-Хусейн ұлтына құттықтау жолдады.
Бұл күн жұмыс күніне жатпайды, Корольдік тұрғындары демалады. Күні бойы астана мен басқа да қалаларда іс-шаралар өтеді.
Иордания қазіргі уақытта тағы бір мерекені күтіп отырғанын айта кетейік. Ол – келесі аптада өтетін мұрагер ханзада Хусейн бин Абдалла II-нің тойы.


Соңғы жаңалықтар