Иордания ханзадасынан коронавирус табылды

None
None
АММАН. ҚазАқпарат – Тақ мұрагері II Хусейн бин Абдалланың COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Корольдік Хашимит сарайының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Дүйсенбі күні кешкісін тақ мұрагері ханзада II Хусейн бин Абдалла ережеге сәйкес, қалыпты тексеруден өткеннен кейін COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті», - делінген мәлімдемеде.

Тақ мұрагері ханзада Хусейн жеңіл түрде ауырып жатыр. Бұдан бөлек, король Абдалла мен патшайым Рания хаттамаға сәйкес бес күн карантинде болады.

Осы аптада Иордания премьер-министрі Бишер Хасауна вакцина алмағандар және ПТР-тест тапсырмағандардың әуежайға баруына тыйым салатын Қаулыға қол қойған болатын. Олар Sanad Jo қосымшасы арқылы тексеріледі.

Фото: Manuel Balce Ceneta / AP
Соңғы жаңалықтар