Иордания ханзадасы ФИФА президенті лауазымынан үмітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания ханзадасы Әли бин Әл-Хусейн Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президентінің қызметіне дауысқа түспекші екенін мәлімдеді.

Бұл туралы сейсенбі, 6 қаңтар күні Reuters хабарлады.

«Мен ФИФА президентінің қызметіне өз кандидатурамды алға жылжытуды шештім, өйткені жұртшылықтың назарын соңғы жанжалдардан бұрып, оны қайтадан спортқа аудару керек деп ойлаймын», - деп атап өтті бүгінгі таңда уақытта ФИФА вице-президентінің қызметін атқарып жүрген Иордания ханзадасы.

Халықаралық футбол федерациясының басшысын сайлау 2015 жылдың мамыр айында өтеді. Бұл қызметке сондай-ақ федерацияның қазіргі басшысы Йозеф Блаттер мен ұйымның бұрынғы бас хатшысы Жером Шампань да үміткер болып отыр.

Соңғы уақытта ұйым жемқорлыққа, атап айтқанда 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдерді таңдауға байланысты істерге қатысты талай рет айыпталды.

Соңғы жаңалықтар