«Інжу іздеушілер» Алматыға келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға «Інжу іздеушілер» келді. Француз композиторы Жорж Бизенің жаңа туындысын оңтүстікастаналықтар Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрында қарашаның 8-9 күндері тамашалай алады.

«Інжу іздеушілер» - шын мәнінде әлемдік классикалық операның баға жетпес қазынасы. Атақты композитор Ж.Бизенің үздік шығармасының бізде қойылуы үлкен мәртебе», - деді театрдың бас директоры Асқар Бөрібаев. Әлемдік классиканы қазақ театрында итальяндық режиссер Паоло Бозизио сахналады. Костюмдер мен декорация да итальяндық шеберлердің қолынан шықты. «Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының шығармашылық мүмкіндігі өте жоғары деңгейде. Бұл барлық салаға: хор, балет, солистер, театр әкімшілігіне қатысты. Олармен жұмыс жасау маған қатты ұнады», - деді П.Бозизио. Басты рөлдерде қазақ орындаушылары Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Нұржан Бажекенов, Серік Ауқатов ойнады. Қойылымның балетмейстері - Айнұр Абылғазина. Цейлон экзотикалық аралында өрбіген оқиға екі дос пен бір қыздың арасындағы махаббат машақатынан хабардар етеді.

Соңғы жаңалықтар