Инвесторлар мен бизнесті қорғау жобалық офисі экономикалық дипломатияға ықпал етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 шілдеде - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрған «Protecting Business and Investments» жобалық офисі қызметінің алғашқы нәтижелерімен таныстыру өтті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Құрылым Агенттік, Инвестициялар және даму министрлігі және ҚР СІМ арасындағы үш жақты меморандумға сәйкес инвестициялық тартымдылықты арттыру және жемқорлықпен кездескен жағдайларда инвесторларға жәрдем көрсету мақсатында құрылды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек шетелдік инвесторларды қорғау, Жобалық офистің қызметі, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар маңызды мәселелерді жария етті.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы саясатты «экономизациялау» жөніндегі бірқатар міндеттер қойғанын атап өтті. «Экономикалық дипломатияны» ілгерілету - Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялар мен технологияларды тартуға үнемі тұрақты түрде жәрдемдесу бойынша ведомствоның қызметіндегі басымдықтардың бірі».

Тәуелсіздік жылдары қазақстандық елшіліктер бастамасымен өнеркәсіп, құрылыс, машина жасау, көлік, энергетика және басқа салаларда бірқатар ірі жобалар іске қосылған.

СІМ шетелдік инвесторлармен тиімді экономикалық ынтымақтастыққа ықпал ететін қолайлы инвестициялық ахуалды насихаттау бойынша белсенді жұмыс атқарады. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы жобалық офис пен Инвесторларға қызмет көрсету орталығының қызметін құптап, олардың іс-әрекеттеріне жан-жақты қолдау көрсетуге СІМ-нің дайын екенін атап өтті.

Жобалық офистің жұмысы шет елдерде «бірінші байланыстық тұлға» және шетелдік бизнес қоғамдастығымен «байланыстырушы» ретіндегі маңызды рөл атқаратын қазақстандық дипломаттар үшін көмек береді.

Соңғы жаңалықтар