Инвесторлар білім беру деңгейіне ерекше назар аударады-министр
«Инвесторлар білім беру деңгейіне ерекше назар аударады. Бұл - орта және жоғары білім дайындығының деңгейі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің арасында негізгі индикатор «PISA» - білім алушыларды бағалау халықаралық бағдарламасы. Аталған рейтинг мектепте білім беру сапасын үш пән бойынша өлшейді: математика, жаратылыстану, оқу. Рейтинг әрбір 3 жылда қалыптастырылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша рейтинг ағымдағы жылғы желтоқсан айында жарияланатын болады. 2012 жылы Қазақстан 53-ші орынды иеленді. 2025 жылға қарай еліміз рейтингтің топ-40 қатарына енуі қажет. Бұл Люксембург, Хорватия, Израиль сияқты елдердің деңгейі«, - деді Руслан Дәленов.
Оның айтуынша, жоғары білім беру сапасы университеттердің халықаралық рейтингтерімен бағаланады. Бұл QS-атты жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингі. Ол - әлемнің 1000 үздік жоғары оқу орындарының рейтингі.
»Бұл рейтингке Қазақстанның тек 10 жоғары оқу орны кіреді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар болғаны 207-орында. 2025 жылға қарай Қазақстанның жоғары оқу орындары топ-150-ге енуі қажет«, -деді министр.