Инвестор проблемаға уақтылы мән бермеген – экс-әкім Екібастұздағы жағдайға қатысты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Нұржан Әшімбетов елді дүрліктірген төтенше жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екібастұзда төтенше жағдай болды. Дегенмен проблема бір күннің ішінде пайда болған жоқ. Екібастұз жылу станциясын кезінде жеке меншік иеленді. Аталған өңірдің жылу электр орталығы - ең ескі, тозған нысанға жатады. Инвестор ол проблемаға уақытылы мән бермеген секілді. Кезінде жаппай сатып алды. Мүмкін мемлекеттен субсидия болады деген шығар», - дейді Нұржан Әшімбетов NewsRoom99 Telegram каналы таратқан видеода.

Сондай-ақ, Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі басшылыққа 2018 жылы келгенін айтты.

«Менің алдымда коммуналдық шаруашылық проблемасы тұрды. Мәселені шешу қиынға соқты. Мамандар жылу желілерін ауыстырып жатты. Ол жерде жылу мен су беру желілерінің құбыры қатар жүргізілген. Жөндеу жұмысы кезінде жылу желілерін судан бөлек тартты. Осылайша жылу мен су бөлектенді. Біз бұл мәселені көтерген соң бюджеттен қаржы бөлінді. Нәтижесінде бірқатар проблема шешімін тапты. Басшылықтан кеткеннен кейін жылуға жауаптылар шаруаны сол күйі қалдырған, шамасы. Осы уақытқа дейін жылу желілеріне қандай да бір жөндеу, қайта салу жұмыстары жүргізілмеген», - дейді ол.


Фото: Валерий Бугаев


Соңғы жаңалықтар