Инвестициялық салық несиесі енгізіледі - Ұлттық экономика министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Инвестициялық салық несиесі енгізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде салық салу мәселелері заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инвестицияларды ынталандыру бағытына тоқталған вице-министр, «Инвестициялық салық несиесі енгізіледі. Несие корпоративтік табыс салығы және мүлік салығы бойынша 3 жылға беріледі. Ол пайызсыз болады, бірақ инвестициялық бағдарлама орындалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі», - деді.

Ұлттық экономика министрлігі мәліметіне қарағанда, өтініштер негізінде инвестицияларды тарту жөніндегі уәкілетті орган (Сыртқы істер министрлігі) инвестициялық салық кредитін беру туралы келісімдер жасайтын болады. Тәртібі, мерзімі, мөлшері және басқа да шарттар Сыртқы істер министрлігі бекітетін заңға тәуелді актіде жазылатын болады.

Оның сөзіне қарағанда, жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін басым жобалар бойынша инвестициялар шегін 2 млн айлық есептік көрсеткіштен (5,3 млрд теңге) 1 млн айлық есептік көрсеткішке (2,65 млрд теңге) дейін 2 есе төмендету ұсынылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Құжат аясында жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын төлемдерді бір салыққа біріктіру ескерілген.

Мұнымен қоса, көлік құралдары салығын төлеу мерзімін ауыстыру ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар