Инвестиция көптеп тартылса, облыстың экономикасы да арта түседі - ОҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инвестиция көптеп тартылса, облыстың экономикасы да арта түседі. Бұл жөнінде ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов аудан, қала әкімдерімен өткен кеңейтілген аппараттық мәжілісте айтты, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

«Елбасы өзінің берген тапсырмасында өңірлерге инвестиция тарту бағытындағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өткен болатын. Яғни біз облысқа ішкі және сыртқы инвесторларды көптеп тартуымыз қажет. Бұл өз кезінде аймақтың экономикасының дамуына оң әсерін беріп, халықтың жұмыспен қамтылуына септігін тигізеді», - деді Б.Атамқұлов.

Сонымен қатар, жиында облыстағы индустриялық аймақтардың жайы қаралды. Онда әкім инфрақұрылым жүргізілмеген аудандардағы аймақтарға баса назар аударып, тиісті жұмыстарды жүргізуді сала басшыларына тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстағы индустриялық аймақтарда жалпы 160 жоба жүзеге асырылуда. Оның қәзіргі таңда 52-сі іске қосылған. Ал қалған 108 жоба алдағы екі жыл ішінде іске аспақ. Осылайша, екі жыл ішінде, ашылған 108 жоба шеңберінде облысымызда 8079 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 151,8 млрд. теңге инвестиция экономика айналымына тартылады деп күтілуде.

 

Соңғы жаңалықтар