Интимдік қызмет көрсетіп, клиентінің 600 мың теңгесін ұрлаған әйел ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда интимдік қызмет көрсетіп, клиентінің ақшасын ұрлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Полиция департаментіне сілтемемен.

«Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы әйелді ұстады. Тергеу барысында қыздың түнгі уақытта интимдік қызмет көрсету бойынша жұмыс істейтіні және Құдайбердіұлы көшесіндегі қонақүйге келгені анықталды. Содан кейін, клиенттің ұйықтап қалғанын пайдаланып, «Хуавей» маркалы ұялы телефоны мен 600 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлап кеткен», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған фактімен «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Заттай айғақтар алынып, иесіне қайтарылды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстығы тексеріліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті сақ болуға, құнды қалдырмауға және карантин режимін сақтауға кеңес береді», - дейді департамент.

Соңғы жаңалықтар