Интерполға жаңа басшы сайланды

None
None
ДУБАЙ. ҚазАқпарат - Қылмыстық полиция халықаралық ұйымының жаңа басшысы болып Ким Чон Ян сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ким Чон Ян осы күнге дейін Интерпол президентінің міндетін атқарып келген еді.

«Корея Республикасының тумасы Ким Чон Ян алдағы 2 жыл бойы Интерполдың президенті қызметін атқарады», - делінген жазбада.

Сайлау Интерполдың Дубайдағы 87-ші Бас ассамблеясы кезінде өтті.  

Соңғы жаңалықтар