Интернеттен порнография, есірткі мен суицидті насихаттайтын 10 мың заңсыз материал табылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтырға қаңтардан бері елімізде порнографияны, есірткі мен суицидті насихаттайтын 10 мыңнан астам заңсыздық тіркелген. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының ЛГБТ идеологиясымен күрес туралы сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғам санасына теріс әсер етуі мүмкін ақпараттың таралуын болдырмау және мәдени-отбасылық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау, сондай-ақ қоғамды, әсіресе балаларды дәстүрлі емес идеологиядан қорғау мақсатындағы жұмыс белсенді жүріп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде Қазақстан халқының ғасырлар бойғы дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын бұзуға бағытталған материалдар тіркелмеді. Сондай-ақ, телеарнада азғындықты насихаттайтын және қоғамға моральдық зиян келтіруге шақыратын бағдарламаларға жол берілмейтінін атап өткен жөн. Мемлекеттік органдар арқылы интернет кеңістігіне тұрақты мониторинг жүргізіледі», - деп жазады Алтай Көлгінов.

Оның айтуныша, 2022 жылғы 1 қаңтар мен 2023 жылғы 31 наурыз аралығында порнографиялық материалдарды, есірткі құралдарын таратуға, суицидті насихаттауға байланысты 10 мыңнан астам бұзушылық анықталған.


Соңғы жаңалықтар