Интернеттегі қазақ тілінің аясын кеңейту жобалары жүзеге асырылады - Ақпараттандыру агенттігі төрағасының орынбасары Е. Дүрмағамбетов

None
None
ашаның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі интернеттегі қазақ тілінің аясын кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асырмақшы. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Дүрмағамбетов осылай мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «Ақпараттандыру және байланыс агенттігі «электрондық үкімет» шеңберінде әрі интернеттегі қазақ тілін пайдалану аясын кеңейту мақсатында «Темірқазық» атты жұмыс тобын құрған болатын. Осы жұмыс тобының негізгі мақсаты интернет желісінде қазақ тіліндегі ресурстарды қолдану аясын арттыру болып табылады. Біз алдағы уақытта мемлекеттік тілдегі ақпараттық байланысты дамыту шараларын кеңінен қамтуды жоспарлап, бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниеттіміз. Мәселен, бірінші жоба бойынша қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтарға арналған интернет-әдістемесі, яғни интернет арқылы өздігінен мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсы құрылады. Екінші жоба бойынша қазақ тіліндегі орта мектептердің веб-сайттарын интернетте ашу көзделіп отыр. Ғылыми инвестициялық қордың демеушілігімен осы ілкі жобаны  Астана қаласы мен өңірлерде жүзеге асырмақшымыз. Оның барысында 25-тен астам қазақ мектептерінің таза қазақша веб-сайттары ашылады», деді Е. Дүрмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар