Интернетте Шығыс Қазақстанның бірегей табиғаты туралы видео жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғыны Андрей Щетинин Facebook-тегі өз парақшасында Шығыс Қазақстанның - Алтайдың бірегей табиғаты туралы видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шығыс Қазақстанның табиғаты. ШҚО-ға саяхат. Маусым, 2017», - деп жазды Андрей Щетинин.

Еске салсақ, қыстыгүні ол Шығыс Қазақстан облысы Приречное ауылындағы қар тоннелдері туралы видео орналастырған болатын.

Шығыс Қазақстан облысы үлкен туристік әлеуетке ие - өңірдің табиғаты өзінше ерекше әрі әралуан - өр Алтайдың шыңдары, елдегі ең тұнық суы бар - Марқакөл, тәнге щипа Алакөл, Тарбағатай мен Жоңғар Алатауының жоталары, Қазақстандағы ең үлкен өзен - Ертіс, қарағай орманы. ШҚО-да щипажайлар мен пантымен емдеу орындары өте көп.

Бүгінде Берел, Шілікті қорғандары, «әлем кереметтері» қатарына жатқызуға болатын Мұзтау (оны «Тибеттегі қасиетті орындармен» салыстырады және көптеген адамдар таудың тек ШҚО жағынан ғана тәу етеді) туралы көптеген деректер мәлім. Дегенмен, «жер кіндігі» деп те аталатын бұл өлкенің беймәлім тұстары жетерлік.

Флора мен фаунасы аса бай,  34 пайыз бөлігін орманды алқаптар құрайтын Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристерде таңданыс тудырмай қоймайды. 

Таскескен - Бақты жолындағы қорғаннан сақ заманындағы патша қыздың мүрдесі табылғаны белгілі. Ғалымдар оған «Үржар ханшайымы» деген атау берді. Ол - әйгілі Есік қорғанындағы Алтын адамнан кейінгі соған ұқсас екінші ескерткіш. «Үржар ханшайымы» ескерткіші біздің жыл санауымызға дейінгі IV-ІІІ ғасырларға тиесілі.

Ал Семей жерінде танымал саяхатшылар Джордж Кеннан, П.П.Семенов - Тянь-Шанский, П.С. Паллас және көрген-білгендері жөнінде қызықты мағлұматтар қалдырған өзге де тұлғалар бар.

Бұл жерде саяси жер аударылғандар, өңірді зерттеп-білуге сүбелі үлкен қосқан Ресейдің зиялы қауым өкілдері тұрды, олар - М. Достоевский, Е. П.Михаэлис, Н.Я. Коншин, Н.И.Долгополов және көптеген басқалары.

XX ғ. басында халқымыздың азаматтық тарихындағы ең ұлы ұлттық идея - Алаш идеясы болса, оның алғашқы іргетасы - қазақ идеологиясының темірқазығы болып, Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытовтың қолымен Семейде қағылды, бостандық пен тәуелсіздіктің туы Семейде тігілді.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында жолдар жөнделіп, туристерге көрсетілетін қызметтердің сервисін жақсырту жұмыстары қолға алынуда. Осы аптада өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алакөлдің жоғары туристік әлеуетін атап өте келе, көл бір маусымда 2 млн турист қабылдай алатынын атап өткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар