Интернетте шекара керек пе - ВВС

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ресей онлайн шекараны қорғау амалдарын табуға тырысып жатыр, деп жазады ВВС басылымы.

Мақала авторының жазуынша, 1648 жылы Вестфаль келісіміне қол қойылып, Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, мемлекеттер тәуелсіздігін алған. Әр мемлекет өз шекарасын қорғап, бақылап, бұл әрекет жаһандық саяси тәртіптің негізіне айналған. Ал 2010 жылы Сирия мен Ресей, тағы бірнеше мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымына цифрлық әлемге де шекара енгізуді сұраған еді.

Интернет саясат саласының сарапшысы Хаскалл Шарптың айтуынша, талап қойған мемлекеттер телефон нөмірі сияқты, әр мемлекетте интернет код болу керектігін айтқан.

«Бір жылға созылған келіссөздер еш нәтижесіз аяқталды. Интернетке шекара қою үшін мемлекеттер азаматтарын қатаң бақылауы қажет. Бұл шекарасыз кеңістік ретінде Интернеттің ашықтығын жоятын еді және үкіметтің құралына айналатын еді», деп жазады басылым.

Автордың жазуынша, он жыл өткен соң бұл жағдайды еске алуы бекер емес. Себебі осы он жылдың ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымынан қолдау таппаған мемлекеттер интернетке шекара қоюдың амалын іздеумен болған.

«Ресей өткен айда интернетті технологиялық және заң тұрғысынан шектейтін екі заң қабылдады. Яғни, Ресей енді сырттан келетін ақпаратты сүзгіден өткізетін болады. Сарапшылар бұл әдіс интернеттің еркіндігіне нұқсан келтіретінін айтуда», дей келе автор ашық интернеттің қандай кемшіліктері бар екеніне тоқталады.

«Кез келген үкімет қауіпті ақпаратқа алаңдаушылық білдіреді. Интернет арқылы түрлі вирустар мемлекеттік маңызы бар құрылымдарға кесірін тигізе алады. Сондай ақ азаматтарға да қауіпті ақпарат кері әсер етуі мүмкін. Дегенмен, интернетке шекара қою азаматтарды қорғаудан бұрын, оларды бақылауға көшеді», дейді Окфорд университетінің ғалымы Линкольн Пигман.

Соңғы жаңалықтар