Интернетте қазақ тілді аудитория ұлғайып келеді - WikiBilim

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «WikiBilim» қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі Нұртай Әшімнің айтуынша, қазақша Википедияны пайдалану көрсеткіші жылдан жылға артып келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бастапқыда Википедияға кіретін қазақстандық трафиктің 96 пайызы орыс тілінің үлесінде болды. Халықтың 4,3 пайызы ағылшын, тек 0,2 пайызы ғана қазақ Википедиясына кіретін. Қазіргі кезде аталған көрсеткіштер түбегейлі өзгерді. Тұтынушылардың 30-35 пайызы қазақ Википедиясына кіріп жүр. Ол нені көрсетеді? Демек, мектеп оқушысы Google-де, я болмаса, басқа жүйеге іздеу салғанда Википедияның ақпараты шығады. Егер ол қажетті мәліметті өз тілінде тапса, сол тілдің аясында қалады. Ал таппаған жағдайда басқа тілде іздей бастайды», - деді Әшім бүгін «Astana Digital Forum»-да.

Оның айтуынша, биыл «WikiBilim» қоғамдық қорының атауы ауысты. Бүгінде аталған ұйым «Ұлттық аударма бюросы» деп аталады.

Айта кетейік,  бүгін «Astana Media Week» апталығы аясында «Astana Digital Forum» ашылды. Осы форумның ашылу салтанатында  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев цифрландыруды қарапайым мысалдармен түсіндірді . Ал  "CEO Select Communication Group"-тың өкілі Виктор Елисеев цифрландыру аясында жұмыссыздыққа дайын болу қажеттігін жеткізді .  Қазақтанның интернет коммерцияға қатысу көрсеткіші де жарияланды . 

Соңғы жаңалықтар