Интернетте қаскөйлердің итті тірі күйінде қазанда қайнатып жатқан видеосы тарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде тірі итті қазанға салып, қайнатып жатқан видео тарады.

Бейнежазбаны Facebooc-ке желіні пайдаланушылардың бірі орналастырды. Қытай тілінде сөйлеген адамдар ошаққа қойылған қазанға тірі итті салып, қайнатады. Азапталған жануар жан ұшыра қыңсылдай бастайды. Видеодан мұны балалардың да тамашалап тұрғанын және жантүршігерлік көрініс оларға ұнап отырғанын көңілді дауыстарынан байқауға болады. Кейін ер адамдар денесі мен аяқтары әбден құрысқан жануарды оттан түсіріп, жүнін қолмен жұла бастайды. Денесінің жарты бөлігі терісіне дейін сыпырылған кезде, ит кенеттен, есін жиып, қаша жөнеледі. Жануардан мұны күтпеген адамдар бір-бірін күлкі етіп, иттің артынан қуа бастайды.

Асқан қатыгездік видео Интернет пайдаланушылардың ашу-ызасын тудыруда.

Еске салсақ, желтоқсан айының соңында интернетте Саха Республикасында аюды екі «Урал» көлігімен басып, оны металл темірмен ұрып өлтірген адамдардың видеосы пайда болған еді. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Якутияның табиғатты қорғау министрлігі мен прокуратура жүргізуде. Кейін қаскөйлер ұсталып, олардан тергеушілер жауап алды.

Моральды-этикалық түсініктерге орай "ҚазАқпарат" ХАА видеоны сайтқа орналастырмайды. Оны мына жерден көруге болады.

Соңғы жаңалықтар