+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Интернетте «Алтын белгі» сатылып жатыр: Білім министрлігі түсінік берді

2021 жылғы 18 қазан 21:15
Бөлісіңіз:
Интернетте «Алтын белгі» сатылып жатыр: Білім министрлігі түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел көлемінде мектепті үздік бітірген оқушыларға арналған «Алтын белгі» медалінің сатылуына қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алтын белгі» – атаулы медаль. Ол жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатымен бірге беріліп, құжатына алушының аты-жөні жазылады. Яғни, «Алтын белгі» иелерінің артықшылықтарын пайдалану үшін оны біреуге беру немесе сату мүмкін емес», - деп жауап берді ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдіуәлиева.

Оның айтуынша, аталған медаль жеке коллекционер немесе нумизматтар үшін қызықты болуы мүмкін.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде «Алтын белгі» сатылады» деген жарнама тараған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT