Интернетсіз аса қажетті басқа сервистерді іске қосу мәселесі шешілуде - Бағдат Мусин

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Контртеррорлық іс-шаралармен қатар интернет те шектелгені мәлім. Себебі террористік топтар іс-әрекеттерін жоспарлап, үйлестіру үшін байланыс құралдарын пайдалануда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин желідегі парақшасында жазды.

«Негізгі салаларды цифрландыру салдарынан көптеген адамдар қолма-қол ақшасыз қалды. Сондықтан біз Ұлттық банкпен, сондай-ақ басқа да банк және ұйымдармен бірге Интернеттің жоқтығына қарамастан, кейбір ресурстарды тәулік бойы қолжетімді ету механизмін жасадық.

Қазірге сәтте:

1. Халық Хоумбанк пен Каспидің төлем сервистерін қолдануға болады. Басқа да банктерді қосу жұмысы атқарылып жатыр. Яғни интернет болмаса да, бұл қосымшалар қолжетімді болады.

2. Бірқатар ақпараттық ресурстар жұмыс істеп тұр: tengrinews.kz, inform.kz, baq.kz, 24.kz, stopfake.kz, qazaqstan.kz және т.б.

3. akorda.kz сайты офлайн тәртіпте қолжетімді», - деп жазды .

Бүгін басқа да аса қажетті сервистерді іске қосу мәселесі шешіледі. Жұмыстар біртіндеп жүзеге асуда, әр ресурсты жеке-жеке қарастырып, арам пиғылдылардың пайдаланбауын қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет. Егер қандай да бір сервисті қосу бойынша ұсыныстар болса, пікір қалдырыңыздар.

Президенттің бірнеше тапсырмасы орындалды.

Бірінші: интернет өшірілгендіктен, адамдар дыбыс және смс трафигін пайдаланғандықтан, барлық абоненттерге тегін 200 смс пен 300 минут берілді.

Екінші: зардап шеккендер мен із-түссіз жоғалғандарды іздеу бойынша 1414 колл-орталығы негізінде тікелей желіні ұйымдастырдық.

Үшінші: байланыс операторларымен тығыз жұмыс істеудің арқасында азаматтарға SMS арқылы хабарландырулар мен жаңалықтар жолдануда.


Соңғы жаңалықтар