Интернеті жоқ ауылда тұратын студенттер қалаға келіп, жатақханада тұра алады - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Интернеті жоқ ауылда тұратын студенттер қалаға келіп, жатақханаға орналаса алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернеті жоқ ауылдарда тұратын студенттер қалаға келіп, санитарлық-эпидемиологиялық норма сақталатын жоғары оқу орындарының жатақханаларында оқшауланып тұра алады»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, жатақханаларда студенттер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.

«Оларға жатақханада тұрып, оқу үшін жеке бағдарлама әзірленіп, арнаулы мүмкіндік жасалады», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар