Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 29 °С
USD 338.78 EUR 392.82
RUB 5.35 CNY 52.62
Жаңалықтар

Интернет кеңістікті қорғауға қажетті барлық ресурстар бар - ҰҚК

2018 жылғы 14 наурыз 13:24 1914
Бөлісіңіз:
Интернет кеңістікті қорғауға қажетті барлық ресурстар бар - ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин интернет кеңістікті қорғаудың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Парламент пен «Атамекеннің» бірлескен жұмысы жемісті болды - Нұрлан Нығматулин Мемлекеттің әр тиыны нәтижелі және тиімді жұмсалу керек - Нұрлан Нығматулин

Депутаттар тарапынан интернет жүйесіндегі қауіпсіздікке қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында сұрады.

Өз кезегінде Д.Ерғожин ақпараттық лаңкестік актілері, интернет-насихат, қандай да бір қасақана іс-қимылдар жағдайына Қазақстан заңнамасына сәйкес, анықталған интернет-ресурстардың қызметін тоқтата тұруға өкілеттік бар екенін түсіндірді.

Сонымен қатар ауқымды кеңістікке жаппай ықпал ету жүріп жатса, бұл тұрғыда тиісті аумақтарда интернет желісін шектеу қадамы жасалуы мүмкін. Алайда бұндай қадамдар өте қажет жағдайларда ғана іске асырылады.

Мұнымен қоса ол егер де мемлекеттік органдарға қатысты ақпараттық шабуылдар болса, онда ведомство техникалық мүмкіндіктерге сүйеніп, IP-адресі бұғаттау немесе басқа да шараларды атқаратынын жеткізді.

Ал ақпараттық жүйелерді бұзу, бағдарламаларды қолдан жасау секілді қылмыстар бойынша өкілеттіктер ҚР ҰҚК мен ІІМ арасында жіктелген.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат