Интернет-дүкендер қазақстандықтарға 7 млн теңгеге жуық ақшасын қайтарып берген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Алмаз Әбжаппаровтың айтуынша, елдегі интернет-дүкендер қазақстандықтарға 7 млн теңгеге жуық ақшасын айқарып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында интернет-дүкендердің қызметіне 573 қазақстандық шағымданған. Сол шағымдар негізінде тұтынушыларға шамамен 7 млн теңге қайтарылды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 адам шағымданған болатын. Ол кезде қайтарылған ақшаның көлемі 1,4 млн теңге еді. Азаматтардың біздің комитетке арыз жазуына түрлі жайттар себеп болады. Тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту (175 өтініш), сапасыз тауар ұсыну (118 өтініш), өзге мәселелер бойынша (280 өтініш) шағымдар түседі», - деді Алмаз Әбжаппаров Сауда және интеграция министрлігінің алқа мәжілісінде.

Аталмыш шарада Алмас Абжаппаров жалпы комитетке жыл басынан бері тұтынушылардан 8 мыңға жуық шағым түскенін айтқан болатын.

Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 144 пайыз көп.

Ведомство өкілі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемалар жаңа заңнамалық өзгерістер енгізуді талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты 2021 жылы Комитет Заңға түзетулердің 2-пакетін әзірлеуге кірісті. Комитет әзірлеген жоба тұжырымдамасы 2021 жылғы 25 маусымда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің бірінші отырысында талқыланды, ал 30 маусымда тұжырымдама Ашық НҚА порталында талқылау үшін орналастырылған.


Соңғы жаңалықтар