Интернет арқылы жұмыс ұсынған алаяққа тұрғындар 4,5 млн теңгеге жуық қаржы салған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында полицейлер ғаламтор арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні қолға түсірді.

Жұртқа жұмыс тауып беремін деп алдаған күдікті жәбірленушілерге 2 млн теңгеге жуық шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше жәбірленуші белгісіз біреуге алданып қалғаны туралы тәртіп сақшыларына арызданған. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктіні Шымкент қаласында қолға түсірді. Тергеу барысында оның адамдарды қалай алдап жүргені анықталды.

«Ол ұялы телефоны арқылы ғаламторда жұмыс іздегендерге арнап, жарнама қалдырады. Яғни, ол жұмыссыз жүрген адамдарды Атырау және Созақ қалаларына вахталық әдіспен, жалақысы 200-300 мың теңгелік жұмысқа шақырады. Жарнаманы орналастыру кезінде өзін әртүрлі есіммен (Берік, Рауан, Қайрат) таныстырады. Артынша онымен жұмыс іздегендер жарнама арқылы хабарласып сөйлеседі. Ал, күдікті өзіне хабарласқан азаматтардың сеніміне әбден кіріп, Киви әмияны арқылы ақшаларын аудартып алған соң, ұялы телефонын өшіріп тастаған», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сезіктінің бұрын сотты болғаны, оның әзірге 6 азаматты алдап соққаны анықталып отыр. Ол Түркістан ҚПБ-ның уақытша ұстау изоляторында қамауға алынып, аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Соңғы жаңалықтар