Интернет арқылы жасалатын бөлшек сауда көлемі 2021 жылы 482 млрд теңгені құрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы интернет арқылы бөлшек сауда көлемі 482 млрд теңгені құрады — бұл бір жыл бұрынғыдан 1,1% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Пандемия болған 2020 жыл өз кезегінде бүкіл әлемде онлайн-сауда айналымының қарқынды өсуімен ерекшеленді, ал ҚР-да көрсеткіш бірден 2,3 есе өсті,

ҚР-дағы ритейлдің жалпы көлемінен интернет арқылы сауда үлесі 3,6%-ды құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылы 4,1% болған еді. Алайда, 2019 жылмен салыстырғанда e-Trading үлесі екі есе өсті.

Интернет арқылы тапсырыс саны бір жылда екі есеге, 2021 жылы 45,4 млн-ға дейін қысқарды. Осының есебінен бір бөлшек тауардың орташа чегі бір жылда 5,4 мыңнан 10,6 мың теңгеге дейін өсті.

Электрондық бөлшек сауданың ең үлкен көлемі үш негізгі мегаполиске тиесілі: Алматы (272,8 млрд тг, немесе ҚР-дан 56,6%), Нұр-Сұлтан (49,2 млрд тг, немесе 10,2%) және Шымкент (29,5 млрд тг, немесе 6,1%).

Ең төмен көрсеткіштер Қызылорда облыстарында (1,3 млрд теңге), Маңғыстау (2,2 млрд тг) және Түркістан (3,8 млрд тг) тіркелген,.

Интернет-ритейлдің барлық көлемінің бестен бір бөлігі 2021 жылы телефонға тиесілі — 91,6 млрд теңге. Одан кейін қазақстандықтар интернет арқылы сатып алатын ең танымал тауарлар арасында тұрмыстық электр аспаптары (60,9 млрд тг), косметикалық тауарлар мен дәретхана керек-жарақтары (54,6 млрд тг), компьютерлер, принтерлер, сканерлер және басқа да жабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандыру (53,9 млрд тг), автомобиль бөлшектері мен керек-жарақтар (32,9 млрд тг), құрылыс материалдары (30,3 млрд тг), сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен сағаттар (30,1 млрд тг).


Соңғы жаңалықтар