Интернет арқылы трактор сатып алмақ болған петропавлдық 750 мың теңгесінен айырылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Интернет арқылы трактор сатып алмақ болған Петропавл қаласының 62 жастағы тұрғыны 750 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың егде жастағы тұрғыны интернет-алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінді. Айтуынша, зейнетке шығар алдында шағын трактор сатып алмақшы болған. OLх-те бағасы арзандау тракторды тауып, «сатушымен» WhatsApp мессенджері арқылы сөйлескен. Алаяқ тракторды басқа қаладан алып келу қажеттігін сылтауратып, ер адамнан алдын ала төлемге және жол шығындарына 750 мың теңге сұрап алған. Кейін «сатушы» байланысқа шықпай қояды.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Алаяқтық» бабы бойынша енгізілді. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

«Киберқылмыскерлер кез келген веб-ресурста жұмыс істейді, алайда, олар OLx сайтында жиі кездеседі. Бұл сайтта интернет-алаяқтықтың үштен бір бөлігі жасалады. Жыл басынан облыста тіркелген 335 фактінің 103-і осы сайтқа тиесілі. Қаскөйлер жалған тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала төлем талап етеді. Сатушыларға «жеткізу» қызметін (OLx сайтында бұндай қызмет жоқ) ұсынады және ол үшін сілтеме арқылы өтіп, банк карталарының деректеріне нгізу қажеттігі туралы айтады. Сілтеме жалған парақшаға әкеледі, бұл парақшаға енгізілген деректер қылмыскердің қолына түсіп, есепшоттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - дейді СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Виталий Подчернин.

Полицейлердің айтуынша, жаз кезінде интернет-алаяқтар пәтерді жалға беру, жиһазды сату туралы жиі «ұсыныс» жасайды. Алаяқтардың құрығына көп жағдайда әйелдер түседі, осындай213 жағдай тіркелген.

Тәртіп сақшылары солтүстікқазақстандықтарды аса сақ болуға, жеке мәліметтерді ешкімге бермеуге щақырады. Интернетте тауар сатып алған жағдайда бейне қоңырауды талап еткен жөн: өз беттерін жасыру және тауардың жоқ екендігін көрсетпеу үшін қылмыскерлер бұл ұсыныстан бас тартады.


Соңғы жаңалықтар