+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Интернет арқылы есірткі сатпақ болған қостанайлық ұсталды

2019 жылғы 20 тамыз 12:52
Бөлісіңіз:
Интернет арқылы есірткі сатпақ болған қостанайлық ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті «XXXoxoclub.biz ғаламтор-дүкені арқылы психотропты құралдардың заңсыз айналысына қатысы бар ҚР азаматы Д.Яковенконың заңсыз іс-әрекетін анықтап жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Граффити жазбалар арқылы есірткі жарнамалаушы күдіктілер ұсталды – ҚР ІІМ Рудныйда қызметтік иттің көмегімен синтетикалық  есірткі тәркіленді Қарағандыда есірткіні насихаттаумен бірлескен күрес ұйымдастырылды

Іс деректеріне сүйенсек, 2018 жылы ҰҚК департаменті Қостанай облысы аумағында синтетикалық есірткі сатуды жүргізген «XXXoxoclub.biz сайтын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ғаламтор-ресурсын Д.Яковенко есімді азаматтың құрғаны белгілі болды. Оған қоса синтетикалық есірткіні Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелген.

«2018 жылдың 5 қазанында «XXXoxoclub.biz ғаламтор-дүкені арқылы «пировалерон» психотропты құрал аналогының 0,5 грамы сатылған. Сол жылдың 14 наурызында Д.Яковенконың тұрғылықты мекенжайы бойынша тергеу амалдарының кешені өткізілді. Тінту барысында «пировалерон» психотропты құралы аналогының 5 грамм құрамы бар 5 «Zip-пакеті» табылып, тәркіленді. Жауап алуда Д.Яковенко өзінің Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына синтетикалық есірткі құралын өткізгенін және оларды онлайн-дүкен арқылы аймақта сатуға қатысқанын растады», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

2019 жылғы 7 тамызда Қостанай қаласының №2 соты Д.Яковенконы ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі, 296-бабы 1-бөлігі және 297-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT