Интернет арқылы есірткі сатқан шымкенттік 10 жылға бас бостандығынан айрылды

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 32 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі заттарын өткізгені үшін қылмыстық қудалау органымен айыпталған болатын. Ол тәртіп сақшыларына ұсталған сәтінде 20 дана полиэтилен қапшықтарына оралған, жалпы салмағы 10,3765 грам пирролидиновалерофенон (a-PVP) психотропты затын өз еркімен тапсырған.

«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 10 (он) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот сотталушының жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеуді белгіледі», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар