Интернет арқылы есірткі сататындарды жазалау қадамы айқындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Интернет артқылы есірткі сататындарға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылау барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңсыз есірткі айналымы үшін электронды ақпарат ресурстарды пайдалану деген саралау белгісі енгізілмек. Бұндай қылмыстар үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр. Қазір жастар көбіне интернетте, әлеуметтік желілерде отырады. Ал есірткі сатушылар болса, технологияларды пайдалану арқылы өздерінің теріс пиғылдарын іске асыруда. Оларды кеңінен қолдану арқылы есірткіні таратудың жаңа жолын тауып алған. Бұл жағдай заңнамалық өзгерістерді талап етеді», - деді Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, бүгін жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Осы орайда, ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшетіні мәлім болды.

Сонымен қатар, инспекторды және қорықшының өміріне қауіп төндіріп, күш қолданғаны үшін жауапкершілік енгізу қарастырылған. Осындай қылмыстар үшін жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру болады.

Соңғы жаңалықтар