+7 (701) 759 90 19
USD 419.87 EUR 508.04
RUB 5.7 CNY 65
Jańalyqtar

Интернет алаяқтық: Елордада 97 адам жауапқа тартылды

2021 жылғы 16 қаңтар 15:10
Бөлісіңіз:
Интернет алаяқтық: Елордада 97 адам жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы елордалық полицейлер интернет-алаяқтық үшін 97 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартып, жәбірленушілерге 100 миллион теңгелерін қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Елорда полициясының басшысы Ержан Саденовтың айтуынша, онлайн-сауданың пандемия кезінде артқаны байқалды. Яғни алаяқтар интернет желісінде осы сәтті пайдаланған. Олардың арасында медициналық бетперделер, антисептиктер, дәрі-дәрмектер, тондар, ұялы телефондар, жиһаздар және басқа да заттар сатылады деген сылтаумен жасалған алаяқтықты атауға болады. Алаяқтар олардың бәрін жүздеген жалған аккаунтпен әлеуметтік желілердегі хабарландырулар арқылы сатқан. Мұндай интернет-ресурстар кейіннен анықталып, бұғатталды.

Алаяқтартың келесі тобы өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, банк карталары бар адамдардан алдау арқылы реквизиттерін және смс-парольдерін біліп, осылайша олардың шоттарынан ақша жымқырған. Осындай әрекеттерден 300-ден астам елордалық зардап шекті.

«Өткен жылдың екінші жартысында «OLX» және «Kolesa» жеке хабарландыру сайттарының қолданушылары зардап шекті. Осы сайттарда тауар сатамын деген азаматтарға алаяқтар жеткізу қызметін ұсынған. Ештеңеден күдіктенбеген азаматтарға сайтқа ұқсас сілтемені жіберіп, банк картасының реквизиттері бар анкетаны толтыруды өтінген. Алайда, толтырғаннан кейін қолданушылар пайда түгіл, жинаған қаражатынан да айырылған. Алаяқтар көбінесе азаматтардың бейқамдығын, сенгіштігін және мұқиятсыздығын пайдаланады. Олар шоттан ақшалары алынған кезде ғана барып алданғанын біледі», - деді департаменттен.

Осыған орай алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті:

- үшінші тұлғаларға банк карталарының реквизиттерін, CVV-кодты және парольді бермеуді;

- тауардың бар-жоғына және сапасына көз жеткізбейінше алдын ала төлем жасаудан бас тартуды;

- онлайн-несиелерді ресімдеуді алдын алу үшін бөтен адамдарға дербес деректерді бермеуді;

- ақшаны көбейту бойынша күмәнді акцияларға қатыспауды;

- қызметтердің шынайылығын тексеруді (OLX-жеткізу, мүлікті жалға алу, ұтыстарға ақша салу) ұсынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT