Интернет-алаяқтардың құрбаны кім болуы мүмкін - СҚО полицейлері

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық жедел қызметкерлер Интернет-алаяқтардың кімге қызығушылық танытатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінде атап өткендей, техникалық ілгерілеу ғасырында қылмыстық жүйе де өзгеріп жатыр.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климовтың айтуынша, алаяқтар заманауи трендке бейімделіп, Интернет-кеңістікке шығып жатыр. Солтүстікқазақстандықтар OLX, Крыша, Колеса.kz сайттарында, ВКонтакте және Instagram әлеуметтік желісінде бүған жиі ұрынып жатыр.

Полицейлердің айтуынша, киберқылмыскерлер Интернет желісінің белсенді қолданушылары, яғни орта жастағы жұмыс істейтін адамдарға қызығушылық танытады.

«Қандай жағдай болмасын, белгісіз адамдарға картаның пин-кодын, шоттардың нөмірлерін, әлеуметтік желілердені аккаунттардың логиндері мен құпия сөздерін айтпаңыздар. Интернет-қылмысты жедел ашу үшін полицияға уақтылы хабарласу өте маңызды», - деді П. Климов.

Ұрлық ісі жыл басынан бері 16 %-ға төмендеген. Тәртіп сақшыларына қылмыстарды ашуға видеобақылау камералары көмектесуде. Полицейлер алдағы жылдың қаңтарынан бастап ұялы телефондарды міндетті тіркеуге үміт артып отыр. 

Соңғы жаңалықтар