Интернет-алаяқтар желіде жалған ақпарат таратып, қазақстандықтарды арбамақ болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Интернет алаяқтар әлеуметтік желіде тағы бір қитұрқы сілтеме таратты. Бұл туралы ҚазАқпарат «KZ-CERT» компьютерлік қитұрқұлықтарға қарсы әрекет ету қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жексенбіде қазақстандықтар WhatsApp мэссенджері арқылы арнайы сауалнамадан өтіп, KFC компаниясынан 3 тегін түскі ас алуға болатыны туралы сілтемені белсенді түрде таратты. kfc.com---promo.com/ru/?free интернет-ресурсынан келген күдікті сілтемеге сараптама жүргізу жөнінде хабар ҚР ақпараттық қауіпсіздігінің Telegram мэссенджеріндегі арнайы арнасы арқылы «KZ-CERT» компьютерлік қитұрқұлықтарға қарсы әрекет ету қызметіне жолданған.

«KZ-CERT» қызметі тарапынан жан-жақты жүргізілген талдау нәтижесінде тексерілген интернет-ресурс алаяқтық деп танылған. Интернет-ресурстың алаяқтығы оның сауалнамасынан өткен адам осы ақпаратпен өзінің 20 досымен WhatsApp және Viber мэссенджерлері арқылы бөлісуі керек болған. Алайда, ресурс толыққанды дайындалмағандықтан сілтемені тек WhatsApp арқылы тарату мүмкін болған.

Сілтемені жіберген соң оны таратқан адам арнайы ресурсқа жіберіліп, оның демеушілердің арнайы сыйлығын алу үшін 1500$ ұтып алуға мүмкіндік беретін ойынға қатысу құқығына ие болғандығы айтылады. Артынан ойынға қатысушы сыйлықты ұтып алады. Ал сыйлықты алу үшін банк картасының нөмірі керек болады. Артынан ұтып алынған ақшаны аударуда проблемалар пайда болады немесе қаржыны конвертациялау қажеттігі туындайды. Ол үшін сыйлық иесі тиісті орынға аз ғана ақша аудару керек. Ақша аудару үшін CVC-коды бар банк картасының мәліметтерін енгізу керек. Ал мәліметтер енгізілген жағдайда алаяқтар оны еркін пайдалануға мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар