Интернет-алаяқтар Қостанай тұрғынының атынан несие алған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Интернеттегі алаяқтар Қостанай облысы тұрғынының атынан онлайн-қарызға өтініш берген. Әйел мұны несиені кешіктіру туралы хабарлама алғанда бір-ақ білген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аралас тауарларды сатуға арналған жаңа технологиялар, әртүрлі веб-сайттардың пайда болуы онлайн-несие алуға арналған түрлі тәсілдер сызбаларын жасауға мүмкіндік береді. Тиісінше, бұл - алаяқтар үшін оңай олжаға кенелудің бір жолы.

«Полицияға облыс орталығында тұратын 50 жастағы әйел жүгінді. Жәбірленушінің арызына сенсек, 2018 жылғы тамыз айында «TTTengo.kz» сайтында оның атынан несие алынған. Қазіргі уақытта қарыздың кешіктіру сомасы 54 мың теңгеге жеткен. Шығынның жалпы көлемі - 100 мың теңгеден асып кеткен», - делінген ПД баспасөз хабарламасында.

Полицейлер алаяқтардың қандай жолмен несие алғанын анықтап жатыр. ҚР ҚК «Алаяқтық» бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар