Интернет алаяқтар «Бәйтерек» холдингі атынан ірі ұтыстар өткізуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазнетте «Бәйтерек» холдингінің логотипімен жарнамалық хабарлама таратылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Жарнамада оған қатысушылар қысқа уақытта миллионер болмаса, 100 мың доллар көлемінде кепілдендірілген сома беріледі делінген. Бұл алаяқтардың ісі. Біз желідегі алдаудың осындай схемасы туралы бұған дейін жазған болатынбыз.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілдері мұндай ұтыс ойындарына және осындай хабарландыруларға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады – бұл алаяқтардың әрекеті.

«Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жалған жазбаларда сілтеме жасалған «мемлекеттік цифрлық платформаға» және «Бәйтерек Инвест плафтормасына» «Бәйтерек» холдингінің ешқандай қатысы жоқ», делінген «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, барлық шынайы нақты ақпарат холдингтің ресми парақшаларында жарияланады:


Соңғы жаңалықтар