«Интер» клубы Италияның суперкубогін ұтып алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Интер» клубы Италияның суперкубогін ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауд Арабия астанасы Эр-Рияд қаласындағы «Кинг Фахд» стадионында өткен матчта «Интер» тағы бір миландық клуб «Миланмен» суперкубокті сарапқа салды.

Бірінші таймда 10-минутта Николо Бареллоның пасынан кейін италиялық жартылай қорғаушы Федерико Димарко «Интерді» алға шығарды. 21-минутта қорғаушы Алессандро Бастонидің пасын босниялық шабуылшы Эдин Джеко мүлтіксіз пайдаланды.

Екінші кезеңде «Милан» допқа көбірек иелік еткенімен, одан ештеңе шығара алмады. Есесіне 77-минутта Милан Шкриньярдың пасынан кейін аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес есепті 3:0-ге жеткізді.

Осылайша, «Интер» екінші жыл қатарынан суперкубокті жеңіп алды. Барлығы жетінші рет суперкубокке қол жеткізген «Интер» бұл көрсеткіш жөнінен «Миланды» қуып жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бизнесменнің Месси мен Роналдудың қатысуымен өтетін матчқа 2,5 млн еуроға билет сатып алғанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық ойыншы «Ақжайықтан» «Қызылжарға» ауысты.

Фото: Mattia Pistoia/Getty Images


Соңғы жаңалықтар