+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Инсульттен кейін қалай қалыпқа келуге болады

2020 жылғы 29 қаңтар 03:41
Бөлісіңіз:
Инсульттен кейін қалай қалыпқа келуге болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда №1 Қалалық клиникалық ауруханасында инсульттан, буындардың артропластикасынан және реабилитациядан кейінгі қалпына келтіру бойынша Оңтүстік Кореяның танымал профессорларының дәрістері мен шеберлік сабағы өтті. Шетелдік әріптестердің тәжірибесін үйренуге Қазақстанның барлық аймақтарынан дәрігерлер келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Корея мен қазақстандық дәрігерлер, инсульттан кейін қалай оңалуға, церебральды сал ауруын науқасқа зиян келтірместен қалай емдеуге болады деген сауалға бірге жауап іздеді.

«Қазір ортопедиялық және педиатриялық реабилитация, инсульттан кейін оңалту қызметтері Қазақстанда кеңінен танымал, оңалтуға деген сұраныс көп. Сондықтан біз тек Алматы мен Нұр-Сұлтаннан ғана емес, сонымен қатар басқа қалалардан келген дәрігерлердің біліктілігі мен білімін арттыруды ұйғардық. 193 қазақстандық маман бес күн қатарынан профессорлардан дәріс алды. Біздің оқытушыларымыз туралы қысқаша айтсақ: Оңтүстік Кореяда физиотерапевтер қауымдастығы бар, бұл өте мықты сарапшылармен танымал ұйым, дәл сол жерден біздің оқытушылар келді, осы қауымдастықтың президенті де мастер-класстарға қатысты. Мастер класс барысында бөлімшелерден пациенттерді алып келіп, нақты мысалда диагностика, емдеу және оңалту әдістерін көрсетті», - дейді №1 Алматы қалалық клиникалық аурухананың нейрооңалту бөлімінің меңгерушісі Әмина Сейданова

Науқастарды қозғалыс белсенділігі және инсульттан кейін серуендеуді қалпына келтіру қызықтырды, Оңтүстік Кореяның профессорлары Ли Ген Хи, Пак Канг-Хи және Пак Хён Сик барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

«2013 жылдан бастап жеті жыл ішінде Severance -KZ халықаралық медициналық қоры Қазақстанда мастер-кластар, семинарлар, дәрістер өткізіп келеді, біз шетелдік ғалымдарды, атақты дәрігерлерді шақырамыз, олардың мол тәжірибесін біздің мамандармен бөлісеміз. Сіз Еуропа мен Израильге саяхаттап, қымбат құрылғыларда физиотерапиядан өте аласыз, бірақ менің ойымша, ешқандай машина адамды, дәрігерді алмастыра алмайды. Оңтүстік кореялықтардың әдістерінің тиімділігі мен құпиялылығының әсерінен олар қолдарымен жұмыс істейді, яғни науқастың денесі мен бұлшықетіне физикалық әсер етеді, тек адам басқа адамның ауырсынуын сезінеді және оны терапияның көмегімен алып тастайды. Шетелдік профессорлар бүгінгі таңда бізге жақсы жаңалықтарымен бөлісті», - дейді Лариса Ан, «Severance -KZ» қорының президенті.

Дәрігерлердің айтуынша, Қазақстанда инсульттан кейін дұрыс қалпына келмеген көптеген науқастар бар, осылайша мүгедектік деңгейі жоғарылайды. Тәжірибе көрсеткендей, жүйелі, кешенді тәсіл инсульт алған адамға диагнозды үкіммен теңестірмей, толыққанды, сапалы өмір сүруге көмектеседі.

№1 Қалалық клиникалық аурухананың базасында нейрореабилитация бөлімі бар. Бұл Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жалғыз техникалық және ғылыми база. Ол 2006 жылы терапевтік және профилактикалық мақсатта құрылған. Мұнда білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі, оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында ақылы қызмет түріндегі оңалту да бар.

«Клиниканың ерекшелігі минералды суды және емдік балшықтың жер асты көзін пайдаланады. Онда Чернобыль мен Семей полигонында зардап шеккендер емделуде», - деп қортындылады Әмина Сейданова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT