Инстаграмда «Қазақ аруы» байқауы сұлуларының жаңа фотосуреттері жарияланды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақ аруы» сұлулық байқауының Инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында елдің ең сұлу қазақ қызы атағына үміткер бойжеткендердің фотосуреттері пайда болды.

Байқауға дайындық аясында бойжеткендер танымал қазақстандық фотограф Думан Қасымның фотосессиясына түсті. Байқаудың ұйымдастырушысы - қазақстандық продюсер Баян Есентаева. Есеп бойынша алтыншы болып табылатын «Қазақ аруы-2016» ұлттық байқауының кастингі Алматыда 24 және 25 қаңтар күндері, Астанада - 30 және 31 қаңтарда өткен.

Астанада өткен кастинг кезінде қазылар алқасының құрамына музыкалық продюсерлер Баян Есентаева, Бағым Мұхитденова, «Хабар» телеарнасының бағдарламалар шығару дирекциясының бас директоры Ринат Кертаев пен «Алау» тобының директоры Назым Басқынбаева кірді.

Байқаудың ақтық кезеңіне 21 үміткер бойжеткен ілікті. Байқауға ең жас қатысушының жасы 16-да, ең ересегі - 22-де. Бойжеткендерге қойылған негізгі талаптардың арасында сұлулық, бойының 170 см.-ден төмен болмауы, 16-22 жас аралығы, қазақ тілінде сөйлеу, ұзын шаш, қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін және салттарын жақсы білуі көрсетілген.

Дәстүр бойынша, финал бірнеше кезеңнен тұрады.

Өткен жылы «Қазақ Аруы-2015» атағына Қарағанды облысының тұрғыны Кәмшат Қоскелова ие болған. Ол басты жүлде - алтын тәж бен автомобильге ие болды.
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар